Call-center 1411

You are here

Шығармашылық хоббиді табысты іске айналдыру

Арешкин Артем 2019 жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Кеңес алғаннан кейін «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатысуға шешім қабылдады. 2019 жылдың 24 шілдесінде «Электромонтер» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітірді. Содан кейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бағдарламасына қатысуға бел буды. Артем қажетті құжаттарды жинап, «Электротехникалық және монтаждау жұмыстары» бизнес-идеясын ұсынды. 252 000 мың теңге көлеміндегі грантқа қажетті жабдықтарды сатып алды. «Retro Light» ЖК студиясын құру ойы бұрыннан бері болған еді. Артем әрдайым өз қолдарымен лампочкалардан электронды декорациялар жасауды жақсы көретін. Бүгінгі күні Retro Light қызметтері нарықта сұранысқа ие, өйткені әзірге көрсетілетін қызметтерге ұқсасы жоқ. Бағдарлама идеяны жүзеге асыруға және өз ісін дамытуға мүмкіндік берді.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 13.01.2020