Call-center 1411

You are here

Мобильді жұмыспен қамту пункттері құрылды

Қостанай облысында мобильді жұмыспен қамту пункттері құрылды. Мобильді пункттер халық көп жиналатын жерлерде (Қазпошта, ХҚКО, сауда үйлері, Мәдениет үйлері, базарлар және т.б.) ұйымдастырылды. Халыққа «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу, жастар практикасынан өту, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналасу, өз ісін ашу немесе кеңейту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша консультация алу мүмкіндігі берілді. Дерекқорда бар бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Мобильді пункттердің мамандары
азаматтарға кеңес береді және Электрондық еңбек биржасымен жұмыс істеуге, түйіндеме жасауға және орналастыруға, портал арқылы бос жұмыс орындарын іздеуге көмек көрсетеді. Жұмыс берушілер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы ақпарат алады. Қазіргі таңда облыста 21 стационарлық және 1 жылжымалы мобильді жұмыспен қамту пункті жұмыс істейді.

 

 

Аймақ: 
Қостанай облысы
27.12.2019