Call-center 1411

You are here

Бағдарлама - жұмысқа орналасу бастау сәті

Төлегенов Жасұлан Амандықұлы 1997-жылдың 23-қаңтарында туылған Индер ауданында туылған. 2019-жылдың мамыр айында Индер ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021-жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ИндерСу» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына техник-электрик мамандығымен жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа жолданған. Жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін 2019-жылдың қараша айынан бастап «ИндерСу» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына техник-электрик мамандығымен тұрақты жұмысқа орналасты. Соңында «Бағдарламаның жұмыссыз жүрген мамандарды жұмысқа орналастыру жағынан маңызы зор» деп өз ойын білдірді.

Аймақ: 
Атырау облысы
АӨК инфрақұрылымы
, 26.12.2019