Call-center 1411

You are here

Макарон өнімдерін дайындау бизнес

Калиев Асет Жуламанович БАҚ арқылы «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру туралы естіп,халықты жұмыспен қамту орталығына несие алу және өз ісін ашу мәселесі бойынша жүгінді. Бағдарламаға қатысқанға дейін жұмыссыз болған. 2017 жылы «Даму» курсы бойынша қашықтықтан оқытудан өтіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, макарон өнімдерін дайындайтын станок, кеспе өндірісі үшін желі және нан зауытының бұрынғы ғимаратын сатып алды. Қазіргі уақытта өз бизнесін дамытумен табысты айналысады, Ол біздің мемлекетте өз ісін ашуға және отбасын тұрақты табысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді бағдарламалар бар екеніне қуанышты. Оның келешекке көптеген жоспарлары бар, алдағы уақытта қолданыстағы бизнесін кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын құрғысы келеді.

 

Аймақ: 
Қостанай облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 25.12.2019