Call-center 1411

You are here

11 мыңнан астам алматылық Enbek.kz биржасынан жұмыс тауып алды

Бүгінде мұнда 182 мыңнан астам жұмыс беруші, 860 мыңға жуық жұмыс іздеуші және персонал қарастыратын 54 жеке агенттік тіркелген. Enbek.kz – бұл жұмыс іздеуге және компаниялардың бос жұмыс орындарын орналастыруға арналған тегін электрондық алаңы. Порталда 33 мыңға жуық бос жұмыс орны және 162 мыңнан астам түйіндеме жарияланды.
Алматы қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс берушілермен бос жұмыс орындары туралы мәлімет жинау және enbek.kz интернет-порталындағы жеке кабинеттердегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы түсіндіру  бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. Нәтижесінде бүгінгі күні Жұмыспен қамту орталығымен Алматыда 7 706 жұмыс беруші бірге қызмет жасайды және олардың барлығы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық еңбек биржасында жұмысқа қосылды. Еңбек биржасына компанияларды белсенді тарту үшін Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде дөңгелек үстелдер мен бос орындар жәрмеңкелерін өткізеді.
Сондай-ақ, жұмыс іздегендерге көмек көрсету үшін Жұмыспен қамту орталығында тегін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, онда жұмыссыздар өз бетінше компьютермен жұмыс істей алады және Enbek.kz порталына кіре алады, тіркеледі, түйіндеме жасайды. Порталда тіркелу, бос жұмыс орнын немесе түйіндемені орналастыру жеткілікті, сонымен бірге жіберілімге жазылу және өз электрондық мекенжайыңызға немесе Telegram мессенджеріне берілген белгілерге (қызмет саласы, кәсібі, аймағы) сәйкес жаңа топтаманы алуға болады. Enbek.kz порталында кәсіптік бағдар беру тестінен өту және порталда оның нәтижелеріне сәйкес бос жұмыс орындарын табу ұсынылады.
Республика бойынша бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын enbek.kz порталында жұмыс берушілерден ғана емес, сонымен қатар бос жұмыс орындары мен ізденушілердің мемлекеттік деректер қорынан, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұмысқа орналастыру жөніндегі онлайн-алаңдардан да жаңартылып тұрады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайда орналасқан Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы кеңесшілеріне жүгінуге болады: Назарбаев даңғылы, 50,  Жібек Жолы көшесінің қиылысында. Тел.: 8 (727) 224 20 00,221 66 11. Немесе  www.enbek.kz  порталындағы "Көмек" бөлімін пайдалануға болады.  

 

Аймақ: 
Алматы қ.
23.12.2019