Call-center 1411

You are here

Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығында кәсіптік бағдар беру жұмысы қорытындыланды

Әлемдік рекрутингтік агенттіктердің зерттеулері ЖОО түлектерінің шамамен 50% - ы, сондай-ақ колледж түлектерінің 49% - ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
Себебі-оқушылардың болашақ мамандығы туралы нақты түсініктерінің болмауы – Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығында кәсіби бағдар беру жұмыстарының қорытындысы шығарылді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының қабілетін анықтау және кәсіптік бағдар саясатына көшу қажеттігін атап өтті.  Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының тапсырысы бойынша EdTech халықаралық білім беру орталығы Алматы қаласы мектептерінің 9,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруден тестілеу өткізді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең өткір проблемалардың бірі экономиканың кез келген саласында жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі немесе болмауы болып табылады. Бұл жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін көптеген түлектер өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуіне байланысты болады. "Халықтың басым бөлігі жұмыссыздар мен жұмысқа жұмысқа орналастырылмағандар қатарын толықтырады. Бұл жұмысқа орналаса алмай жүрген ЖОО түлектері туралы айтуға болады", - деді Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Гаухар Әуелова. Жыл сайын Қазақстанда мектеп түлектерінің шамамен 70% - ы мамандық таңдауда қиналады. "Мектеп түлектерінің көпшілігі бейіндік пәнді ойланбай таңдайды . Олардың таңдауы қандай да бір мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санына, ата-аналар мен достардың кеңестері сияқты факторларға, «сәнді» мамандықтардың соңынан түсуге негізделеді. Өзінің кәсіби бағыты мен бейіндік пәнін кездейсоқ таңдау нәтижесінде болашақ талапкерлер мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауда болашақ талапкерлер қателеседі", - деп атап өтті Гаухар Әуелова. "KASIP TEST" кәсіби диагностикасына 6 754 оқушы қатысты. "KASIP TEST" негізгі мақсаты жоғары сынып оқушыларының типологиялық қатыстылығын анықтау болды. Тестілеу нәтижелері бойынша тестіден өтушілердің басым бөлігі "Адамдармен жұмыс істеу" - 29,1%, "Зерттеу қызметі" - 18,6% және "Іскерлік қызмет" - 18,2% типологиясына жататыны анықталды. Ең азы, "Реттелген-жүйелілік қызмет" - 9,7%. Алматы,қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жоғары сынып оқушылары негізінен экономикалық, заңгерлік, сондай-ақ ІТ-технологиялар саласындағы мамандықтарды таңдайды. Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін әлеуметтік кәсіби бағдарлау жүргізеді. Кәсіптік бағдарлау мамандық таңдауда тәжірибелік көмек көрсету, кәсіби білімді, дағдыларды, жеке тұлғаның мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ түрін ауыстыру және біліктілікті арттыру мақсатында жүргізіледі. Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімімен мектеп оқушыларын, оқу орындарының оқушыларын және жұмыссыз азаматтарды кәсіби таңдауға жәрдемдесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 2019 жылдың басынан желтоқсан айының басына жұмыссыздар мен жұмыс іздеп жүрген адамдардың ішінен 2 553-тен астам адам хабарланып, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестер алды. 2 084-тен астам адам Е. А. Климовтың әдістемесі бойынша кәсіби диагностика сынағынан өтті.
Алматы қаласының әртүрлі ұйымдарында кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді, 95 мекеме қамтылды, олардың ішінде:34 жалпы білім беретін мектеп;16 колледж; 15 жоғары оқу орны; 8 аудандық әкімдік; 13 атқару жүйесі ұйымы, ҰА және пробация қызметі; 4 балалар үйі; және 5 басқа ұйымдар бар. Егер сіз әлі мамандық таңдамасаңыз немесе мамандықты ауыстырғыңыз келсе, Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөліміне, мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысында. Тел.:+7 (727) 224 20 00; 390 88 17.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
23.12.2019