Call-center 1411

You are here

Жылқы шаруашылығын дамыту

Мамбетов Теміржан Серікұлы Тасқала ауданының Тасқала ауылының тұрғыны. 2019 жылдың тамыз айында Тасқала ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде жолығып Бағдарламаның ІІ бағыты туралы толық кеңес алып, «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша оқуға ниет білдірді. Оқуын аяқтаған соң жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға шешім қабылдап, осы жылдың мамыр айында Тасқала ауылында «Құлагер» жеке кәсіпкерлігін ашып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ғы арқылы 2,2 млн теңгеге қол жеткізді. Теміржан Бағдарлама аясында жастарға осындай мемелекеттік қолдау көрсетіліп жатқандығына ризашылығын білдіруде.

 

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Мал шаруашылығы
, 18.12.2019