Call-center 1411

You are here

Крафт ірімшігін өндіру

Новоишим ауылының тұрғыны Дутова Анна Станиславовна крафт ірімшігін өндіруді армандады. Анна Станиславовна ірімшіктің 30-ға жуық түрін біледі. Көптеген адам «крафт ірімшігі» деген не екенін білмейді. «Крафт» деген көлемі үлкен емес шағын өндіріс дегенді білдіреді. Крафт ірімшігі, - қолмен жасалған өнім. Ол үйде немесе жеке ірімшік өндірісінде жасалады. Жаппай өндірілген ірімшіктерден ерекшелігі крафт ірімшігі тек табиғи компоненттер бар керемет хош иісті, жарқын дәм береді.
Анна Станиславовна Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бойынша кеңес алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілді. 
2019 жылдың мамыр айында оқуды аяқтап, бизнес-жоспарды сәтті қорғады, 252 500 теңге көлемінде мемлекеттік грант алуға өтініш берді. Алған қаражатқа ешкілер үшін сауу аппараты мен «Нептун» сепараторынсатып алды, бұл бизнестің бастамасы болды.
Анна Станиславовна Дутованың жоспарында крафт ірімшігін өндіру бойынша өз ісін кеңейту үшін жабдықтар сатып алу көзделген, бұл үшін 2020 жылы жеңілделітген кредит алуды жоспралап отыр.Крафт ірімшігі - қолмен жасалған өнім.  Ол үйде немесе жеке ірімшік өндірістерінде жасалады. Жаппай өндірілген ірімшіктерден басқа, Крафт ірімшігі тек табиғи компоненттері  бар керемет хош иісті, жарқын дәм береді.

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 13.12.2019