Call-center 1411

You are here

Грант - өз ісімді ашуға қолдау

Ихсанова Маруся Өтешқалиқызы 1965 жылдың 5 қыркүйегінде Махамбет ауданы Жалғансай ауылында дүниеге келген. 2019 жылдың 4 мамырында Махамбет ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыздар есебіне тіркелген. Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекетті бағдарламасының І-бағыты шеңберінде «массажист» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курс оқыған. Аталған Бағдарламаның ІІ-бағыты шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға ниет білдіріп, құжаттарын жинақтап комиссияға өтініш берді. 2019 жылдың қыркүйек қазан айында комиссияның оң қортындысын алып, салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп желтоқсан айында аудан орталығында массаж салонын ашты.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 09.12.2019