Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік қолдау- шағын кәсіпкерлікке

Альсмахова Жаннат Марксқызы 08.08.1965 жылы Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. 2019 жылы сәуір айында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізде оқытылып, оқуын аяқтаған. 26.04.2019 жылы «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-не жолдама алып, 17.06.2019 жылы азық-түлік дүкеніндегі тауар-айналымын толықтыру мақсатында – 4,0 млн.теңге несие алды. Күні бүгінге жұмысын жалғастырып, жұмыс көзін ашып, 1 адамды тұрақты жұмысқа алды.

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 27.11.2019