Call-center 1411

You are here

Жазасын өтеген азаматтарға арналған бос жұмыс оырндарының жәрмеңкесі

З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратура мен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінде тіркелген сотталғандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Оған Арал ауданының пробация қызметінде тіркелген 30 азамат қатысты. Жәрмеңкеде  8 (сегіз) жұмыс беруші ұйым 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 4 азамат жұмысқа орналастырылды.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
26.11.2019