Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік бағдарламаның игілігі

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатқан іс-шаралардың жемісін өңір тұрғындары көруде.
Айталық,  Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Куллян Алтаева бағдарлама аясында кәсіптік білім алып, өз бизнесін бастау үшін мемлекеттің қайтарымсыз 505 мың теңге грантына ие болды.
Бұл қаражатқа Куллян Алтаева әрқайсысы 100 мың теңге тұратын 4 Заанен тұқымды ешкі сатып алды. Олардың біреуі күніне 4-5 литрден сүт береді. Ешкінің бұл түрі сүт өнімділігінің көрсеткіштері бойынша үздіктердің бірі болып саналады және аса күтімді де қажет етпейді. Ешкі сүтінің пайдасы зор екені баршаға мәлім, алайда ауданда бұл шаруаны қолға алып отырған кәсіпкерлер аз. Сондықтан бизнесін жаңа бастап отырған Куллян шаруаның ебін тауып, ісін өрге домалатуда.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 25.11.2019