Call-center 1411

You are here

Жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «Достар» МҮ-де салалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, оған 46 жұмыс беруші қатысып, 200-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеге 250-ден астам адам қатысты. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер сауалнама жүргізіп, түйіндемелер жинап, жұмыссыз адамдарды әңгімелесуге шақырды.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге облыс прокуратурасының, пробация қызметінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері және олардың қызметіне жататын тұлғалар санаты бар жеке сот орындаушылары қатысты. Сонымен қатар, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жұмыспен қамтудың белсенді нысандары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аймақ: 
Ақмола облысы
20.11.2019