Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік бағдарлама аясында балабақша ашты

Талас ауданының тұрғыны Лимара Туляева 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификатқа ие болған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалынан 6 миллион теңге несие алған. Биыл Қаратау қаласында 50 орындық «Рай&Рус» атты жекеменшік бөбекжай бақшасын ашып, тіршілігін жасауда.   

- Негізі өзім балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегенмін. Тұрмыс құрып, бала күтімі бойынша демалысқа шыққаннан кейін, өз кәсібімді жүргізгім келді. Педагогика саласының маманы болғандықтан, балабақша ашқанды жөн көрдім. Жинаған қаражатымыз жетпей тұрған соң, мемлекеттік бағдарлама бойынша оқып, несие алдым. Соның арқасында мақсатым іске асып отыр. Әрине, алғашқы кезде оңай болған жоқ. Білікті мамандардан кеңес алдым. Бірте-бірте үйреніп, жұмысты қолға алдық. Қазір, Аллаға шүкір, нәтиже жаман емес, - дейді Лимара.

Қазіргі таңда бұл мектепке дейінгі білім беру орнында 2 топ бар, әрбір топта 25 бала тәрбиеленуде. Логопед, хореограф, музыкант, әдіскер, сонымен қатар, орыс және ағылшын тілдерін үйрететін педагог мамандар қызмет етуде. Жалпы жас кәсіпкер 14 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аймақ: 
Жамбылская область
Услуги для населения
, 19.11.2019