Call-center 1411

You are here

Сарыағаш ауданында жылыжай өнеркәсібі

Сарыағаш ауданы бойынша алдыңғы жылдарға қарағанда бағдарлама аясында шағын несие берілген азаматтардың алған қаржыларын мақсатты жұмсалуы мен қаржының микроқаржы ұйымдарына уақытылы кері қайтарылуына көрсеткіштері біршама жақсарған. Бұл азаматтарды нарықтық экономикаға  алдын ала бейімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп білеміз.
 Жарты төбе ауылдық округіне иқарасты "Ынтымақ" елді мекенінің тұрғыны  Турсынбековна Садокат Эркиновна Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылыжай ісін ашуға 6 пайызбен 6 500 000 теңге жеңілдетілген шағын несие алды.
" Жылыжай ісін отбасымызбен жүргізіп үйренгенбіз, бұл істің жай жапсарын жақсы білемін.Базардан көкөніс сатып алғанды, түрлі химиялық қоспалары бар азық-түлікпен тамақтанғанды өз басым ұнатпаймын. Өз қолыммен бақша өсіріп, дастарханды табиғи өнімдермен толтырып қоюды ұнатамын. Балаларымның күнделікті дұрыс тамақтануын қадағалап отырамын. "Ауру астан" демекші, дұрыс тамақтану балалардың денсаулығы үшін өте маңызды екенін әрдайым есте ұстаймын" - дейді кәсіпкер.
30 га жерге тұрғызылған жылыжайға қысқы маусымға жылу қазандықтарын орнатып, толығымен дайындап, жылына 2 немесе 3 рет өнім алып отыр. Көктемде көкөніс көшеттерін шығарады, басқа мезгілдерде қияр, қызанақ өндіреді. Қысқы мезгілде шыққан бірінші өнімін, яғни қызанақтарды республикамыздың солтүстік өңірлеріне, Ресей, Қырғызстан мемлекеттеріне өткізеді. Жеке кәсіпкер жеңілдетілген шағын несиенің  кәсіпкерлерге өте тиімді екендігін, алған несиені 2 жылда кері қайтарып, бұдан да үлкен сомада несие алып әрмен қарай өз ісін кеңейту, табысын еселеу мүмкін екендігін айтады. Кәсіпкер Сарыағаш аудандық кәсіпкерлер палатасының мамадарына, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына" несиені кедергісіз, өз уақытында алуға мүмкіндік жасағандары үшін  алғысын білдіруде. 

Аймақ: 
Түркістан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 15.11.2019