Call-center 1411

You are here

Бағдарлама әуесқойлықты үйде отырып істей алатын бизнеске айналдыруға мүмкіндік берді

Рахимова Гүлзада, Нұр- Сұлтан қаласының тұрғыны. 2019 жылдың наурыз айында Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына толық емес жұмыс күніне жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш жасады. Гүлзада - көп балалы ана, сондықтан толық емес жұмыс күніне жұмыс тапқысы келді. Мектепте 20 жыл іс - жүргізуші болып жұмыс істегеннен кейін, үйде  отырып істей алатын жұмыс, яғни, өз ісін ашуға бел буды. Өтініш білдіргеннен кейін, қысқа мерзімді курстар туралы біліп алып,  сол іспен кәсіби түрде  айналасуды  шешті. Бұрын Гүлзада таныстарына  әрбір мереке сайын  торттарды тегін пісіретін. Кондитерлік курстарға жазылып, 24 сәуірде оқуға жолдама алды.
- «Үйде пісіру және жартылай фабрикаттар» бизнес-жобасын ұсына отырып, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды. 505 000 теңге грант сомасына барлық қажетті жабдықтарды сатып алды. Қазіргі уақытта өз бизнесін сәтті жүргізіп, үй жанындағы дүкендерге пісірілген  және  жартылай дайын өнімдерді жеткізеді, бұл балаларға уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Өнімі сұранысқа ие. Уақыт өте келе Гүлзада жеткізу нүктелерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Өндіріс көлемін арттыру, цех ашу және қызметкерлер жалдау. Осылайша, әуесқойлық қолайлы жағдайдағы  табыс көзіне айналды.

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 08.11.2019