Call-center 1411

You are here

Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары БОПЕФОРУМда қатысады

Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары 26 қазанда  өткен ата-аналарға  арналған бірінші БОПЕФОРУМ  жұмысына қатысты.
Іс-шарада отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері талқыланды. Отбасын әлеуметтік қолдау мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының маңызды аспектісі болып табылады.
Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Диляра Бауыржанқызы Иманқұлова өз сөзінде "Еңбек "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының түрлі бағыттары туралы айтып өтті.
Осы Бағдарлама аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар тегін гранттар арқылы өз ісін ашуға мүмкіндігі бар. Гранттардан басқа, барлық жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіпті тегін қайта оқи алады.Барлық қатысушылар сұрақтар бойынша толық кеңес алды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
28.10.2019