Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік Бағдарламаның мүмкіндігін тиімді пайдалануы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндігін тиімді пайдаланып жүргендердің бірі – Жуалы ауданының тұрғыны Мұратбек Нысанов.
Мұратбек қос кәсіпті қатар жүргізіп келеді. Бағдарлама арқылы алған 3 миллион несиесіне ауданда техникалық жөндеу орталығын ашты. Одан бөлек, сүт қабылдау бекеті де бар. Аудан тұрғындарынан 110 теңгеге сүт қабылдап, тонналап Тараздағы «Лесняк» ЖК-ге жеткізеді. Қарамағында 16 жұмысшысы бар, оның төртеуі әлеуметтік жұмыс орнында еңбек етуде. Іскер кәсіпкер техникалық қызмет көрсету цехтарын көбейтіп, бизнесін кеңейтуді мақсат етуде.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 11.10.2019