Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның шеңберінде Мендалиевтар жан ұясының жетістікке жеткен жолдары

Мендалиев Нұржан Мендалиұлы 1974 жылы қазан айының 24 жұлдызында Жаңақала ауданы Маштексай ауылында дүниеге келген. Бағдарламаға қатысу тарихы Қазіргі уақытта отбасында 6 баласы бар, жолдасы үй шаруасында. 2019 жылы «Еңбек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша аудандық «Халықты жұмыспен қамту» орталығына барып бағдарламамен танысып, несие алуға өтініш білдірді. 2019 жылы “Бастау-Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқып, ірі қара мал шаруашылығын дамытуға “Игілік” бағдарламасы арқылы 4,0 млн теңге несие алды. Алынған несиеге 9 бас сиыр, 25 бас қой сатып алды. Қазіргі уақытта сүт, ет өнімдерін сатып, мал шаруашылығын дамытуда. Мендалиев Нұржанның ұлы Мендалиев Нұрхан Нұржанұлы 25.10.1999 жылы қазан айының 25 жұлдызында Маштексай ауылында дүниеге келген. 2016 жылы С.Мендешев атындағы орта мектепті бітірді. Жаңақала аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Шаштараз» мамандығы бойынша 3 айлық курс оқып қазіргі таңда Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратынан бөлме алып, шаш қиюға қажетті құралдарын алып күні бүгін жұмыс жасауда.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Мал шаруашылығы
, 09.10.2019