Call-center 1411

You are here

Алматы қаласы Бостандық ауданының жұмыссыздарына "Еңбек" бағдарламасының мүмкіндіктері туралы айтылды

Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша
жұмыссыздарға арналған семинар өтті. Семинар жұмысына Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Атайбекова, сондай-ақ Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева және "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысты.
Семинар барысында Қ. Атайбекова жұмыссыздарға бағдарламаның мүмкіндіктері мен оған қатысу шарттары туралы түсіндірді.Жұмыспен қамтуды және табыстың өсуін қамтамасыз ету мақсатында көп балалы отбасылар мен жастарға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар беріледі"Жұмыспен қамту орталығында тіркелген және қысқа мерзімді курстарда оқыған көп балалы отбасылардан шыққан жұмыссыздары мен 29 жасқа дейінгі жастар грант алуға және өз ісін ашуға үміткер бола алады" -деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Атайбекова.Жаңа мамандықты игеру және одан әрі грант алу үшін Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз тұлға ретінде тіркелу қажет. Әрі қарай курстарға жазылуға болады. 68 мамандық таңдауға болады, оның ішінде: есепші, бет әрлеуші, тігінші, экскурсия жетекшісі және басқалар. Курс мамандықтарының толық тізбесімен Жұмыспен қамту орталығында танысуға болады. Курста оқу ұзақтығы бір айдан үш айға дейін, бұл ретте шәкіртақы төленеді. Оқудан кейін сертификат беріледі және жұмысқа орналасуға, грант алуға жолдама беруге көмек көрсетіледі.Көрсетілген іс-шаралардың арқасында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының материалдық жағдайы жақсартылады.Семинарға 200-ден астам көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған аудан тұрғындары қатысты.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
02.10.2019