Call-center 1411

You are here

Шымкент қаласының әкімі ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтады

Қазіргі таңда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы Шымкент қалалық маслихатының 2019
жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешіміне сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
    - 80-жастан асқан жалғызілікті қарт азаматтарға ай сайын 2 АЕК немесе 5050 теңгеден 160 адамға барлығы әлеуметтік көмек төленді.
    - 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" орай - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12625 теңгеден 9 500 аналарға әлеуметтік көмек төленді;
    - 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіскүніне" орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 252 500 теңгеден 52 адамға әлеуметтік көмек төленді;
     - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым  - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіскүніне" орай: біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12 625 теңгеден 4501 аламға әлеуметтік көмектер төленді;
   - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл ардагерлеріне 2019 жылы 1-ші, - 2-ші жарты жылдығына тегін басылымдарға жазылуға 2052 адамға берілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұжымы Шымкент қаласының барша ардагерлерін мерейлі мерекесімен құттықтайды!!!

 

Аймақ: 
Шымкент қ.
01.10.2019