Call-center 1411

You are here

Бос жұмыс орындар жәрменкесі

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Ақтау қаласының Жастар ресурсттық орталығында жұмыссыз азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрменкенін басында түсіндіру жұмыстары жүргізілді имамның қатысуымен, Ақтау қаласының прокуратурасымен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен, сонымен қатар жастармен .
Аталған шараның мақсаты:
         - борышкерлерге жұмысқа орналасуға ықпал ету, жұмыссыз ретінде тіркеу, бос жұмыс орындары туралы толық мағлұмат беру арқылы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;   
         - жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, мүгедектерді және жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (Жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, қайтарымсыз грантқа) тарту, өз ісін ашу арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал ету.
Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасынан бос орындар ұсынылды. Жәрмеңкеге қаладағы 15 жұмыс беруші қатысты, 160 жуық бос жұмыс орындары туралы мәлімет келіп түсті, 150  жуық жұмыссыз қатысты. 136  адам   мамандығы бойынша сұхбаттасуға шақырылды. 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты контролер ретінде, 6 адам субхаттасуға жолданды жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасу үшін, 23 адам 2019 жылдың 27 қыркүйегінде басталатын «Теңгізшевройл» бірлескен мекемесі жұмысқа орналастыру кепілдігімен монтажник, стропольщик, электрик мамандықтары бойынша кәсіби оқуына жазылды. 

Аймақ: 
Маңғыстау облысы
27.09.2019