Call-center 1411

You are here

Жастарға жақсы мүмкіндік

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс табуға мүмкіндік бар ма? Өткені жұмыс тәжірибесі болмай жұмысқа орналасу қиын.
Жастар тәжірибесі деген не және ол жас мамандарға қалай көмектесетін жоғары оқу орнының студенттері білді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының уақытша жұмыс орындары бөлімінің басшысы Әуелова Гаухар 300-ден астам студентке ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы және оның артықшылықтары туралы толық түсінік берілді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері, уақытша жұмыс орындары бөлімінің басшысы Гаухар Әуелова 2019 жылдың басынан бері осы бағдарлама бойынша Алматы қаласында қаланың түрлі кәсіпорындарына 820-тан астам түлек тәжірибеден өтуге жіберілгенін атап өтті.
"Білім беру ұйымдарының түлектері үшін кәсібі (мамандығы). бойынша  бастапқы жұмыс тәжірибесін  алу мақсатында жастар тәжірибесі ұйымдастырылады. Жас маманның алған жұмыс тәжірибесі одан әрі қарай мансабы үшін негіз болып табылады", - деді Гаухар Әуелова.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасының артықшылықтарына жататындар:

• мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі;

• әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі;

• жастар арасында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Жастар практикасына оқу аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде 29 жастан аспаған жұмыссыздар жіберіледі. Жастар практикасының ұзақтығы-6 ай. Еңбекақы 63 125 теңгені (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды, Жұмыспен қамту орталығы арқылы ай сайын төленіп отырады.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына тапсыру қажет:

      1) өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекенжайда орналасқан Жұмыспен қамту орталығына  хабарласуларыңызды сұраймыз: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысы.

Тел.: 391 09 27, 224 20 00.

Электронды пошта: centr_almaty@mail.ru

Аймақ: 
Алматы қ.
26.09.2019