Call-center 1411

You are here

«Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

2019 жылдың 23 тамызында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева халықты жұмыспен қамту орталығының
директоры Б. Мәсімбаевпен бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша Кеген ауданының жұмыссыз азаматтарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар, оралман мәртебесін беру және ұзарту және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөнінде мемлекеттік қызметтер бойынша түсініктеме берілді. Қатысушылар электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу соңында Б.Джаксыбаева қатысушыларды аталған іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Кездесу барысында қойылған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен берілді.Сындарлы диалог қалыптасты.

Аймақ: 
Алматы облысы
12.09.2019