Call-center 1411

You are here

«Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс қуатын кеңейту жобасына қажетті мамандардың оқытылуы жөнінде

2019 жылдың 28 маусымындағы Атырау облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша Атырау облысы әкімі Н. Ноғаевтың қатысуымен өткен кездесудегі келісімі бойынша,
«Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс қуатын кеңейту жобасына 2019 жылы 350 адамды және 2020 жылы 700 адамды оқытуды жоспарлап отыр.
Биылғы жылы келесі мамандықтар бойынша оқу жоспарлануда: слесарь-құбырмонтаждаушы-50 адам, құрылыс құрылғылары дәнекерлеуші - 50 адам, темірбетон құрылғылар монтаждаушы-50, электрмонтаждаушы-60, жүк ілуші -70 және ағаш сатылы монтаждаушы-70 адам. Осы жұмыстарды іске асыру бағытында Атырау қаласында, Жылыой, Махамбет және Исатай аудандарында реттеу жұмыстары тест өткізу арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған шараларға Құрманғазы тұрғындары Исатай ауданының Аққыстау селосында және Индер тұрғындары Махамбет ауданының Махамбет селосында өтетін тестілеу жұмыстарына қатысады.
Бүгін 6 мамандық бойынша тестілеу шаралары Жылыой ауданының Құлсары қаласында ТШО-ның өкілдерінің, «АРЕС Petrotecnic» колледжінің инструкторларының және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды. Тестілеу қорытындыларымен «АРЕС Petrotecnic» колледжінде 350 жұмыссыз  оқып, білімдерін жетілдіріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндікке ие болады.  

Аймақ: 
Атырау облысы
11.09.2019