Call-center 1411

You are here

Шымкент қаласында NEET жастарды қолдау қарқынды орындалуда

Алдымен осы атау қандай мағына береді. NEET жастар кімдер? NEET, яғни, еңбектенбейтін, білім алмайтын және тренингке де қатыспайтын жастар категориясы. Жапонияның еңбек нарығының жетекші мамандарының бірі Рэйко Косуги қоғамдық қарым-қатынасы өте әлсіз жастарды 4 категорияға бөледі: әлеуметке қарсы: өзін еңбектенбесе ғана жайлы сезінетіндер; тұйықталып қалғандар: қандай болмасын формада қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алмайтындар; өзіне деген сенімділік пен мотивация жоқтығынан жұмыс таба алмайтындар; көңілі қалғандар: жұмыс орнынан өте кері әсерде болғандар, сондықтан ары қарай жұмыс іздеуден бас тартқан жастар.
Сонымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 13 қараша № 784 қаулысына сәйкес, 2019 жылы «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) «Жастар жылын» абыроймен өткізу үшін, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының және көші-қон халықаралық ұйыммен бірлесіп, Орта Азиядағы жастардың көші – қон мәселелеріне арналған зерттеу жүргізу барысында, Орталық арқылы жастардың жұмысқа орналасу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы №27 қаулысымен «Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы» бекітілген Жол картасының орындалуын жолдаймыз.
Жыл сайын 120 мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына қосылады, олардың 18%-ы колледжге, 60%-ы жоғары оқу орындарына түседі, ал қалған 19%-ы мамандық алмай қалады, басқалары 4%-ды құрайды, (шетелге кетеді, әскерге шақырылады және т.б.) Орталықтың бағдарламасы шеңберінде жастарды мемлекеттік қолдаудың келесі қосымша құралдары қарастырылады.
Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге сәйкес, тегін кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге 2 035 азамат жолданды, оның ішінде 803жас азамат қатысты.
Бағдарламаның Екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша шағын несиелеуге Орталық арқылы 42 азаматтың 7 жас азамат несие алды. 100 АЕК байынша 2 азамат «жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар» берілді.(2 азамат 29 жасқа дейін). 200 АЕК бойынша қазіргі таңда 129азаматқа Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы комиссияның қортындысы шығып 200 АЕК (505 мың тенге) қаржыларын аудару жұмыстары жүргізілуде. (25азамат 29 жасқа дейін)Қосымша мемлекеттік гранқа үміткер 300 азаматтардың құжаттары комиссияның қарауына жолданып шешімі күтілуде.
Үшінші бағыт. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде жұмыспен қамту шараларына 9 529 жас азаматқа жоспарланған, жоспарды іске асыру аясында 9 251 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.
Оның ішінде жұмыссыз жастар тұрақты жұмысқа және жаңа жұмыс орындарына 416 жас азаматтар жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 422 азамат, оның ішінде 183 жастар жолданды. Жастар практикасына ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар 2 795 болса ағымдағы жылдың 01 қыркүйекке дейін 2 708 жұмыссыз жастарды бағдарлама аясында жолдамамен жолданды, оның ішінде 163 жастар практикасымен тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жолданғандар 2 236 азамат, оның ішінде 1 297 жұмыссыз жастар жолданды.
Сонымен қатар, «Жастар жылын» нақты өткізу барысында Орталық тарапынан іс – шаралар мен бұқаралық ақпарат құралдары және телеарналар арқылы бағдарлама шеңберінде қала тұрғындарына тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

 

Аймақ: 
Шымкент қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 10.09.2019