Call-center 1411

You are here

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға тренинг ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға арналған "Жұмысқа орналасу кезіндегі эмоционалды интеллект" атты тренинг өтті. Іс-шараны Мамандық таңдау орталығының директоры Ж.Каримов Жантөре  өткізді, оған 10-нан астам адам қатысты.Тренингтің мақсаты ізденушілерге табысты жұмысқа орналасу ең алдымен оларға, ішкі ресурстар мен мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануға байланысты екенін жеткізу болып табылады. Ол үшін өзіне қарап, қажетті қызмет бағытын анықтау, жоспарланған міндеттерді шешуге мақсатты түрде бару қажет.
Тренингте қатысушыларға әлеуметтік-жеке сипаттағы практикалық тапсырмалар берілді, оның орындалуынан кейін семинар қатысушыларының жауаптары қаралып, талданды, ұсыныстар берілді. Жұмыссыздар өздерінің мінез-құлқының, дағдыларының, біліктерінің ең жақсы белгілерінің тізімін жасады. Осының барлығы оларға өздерін жақсы білуге және жұмыс іздеу кезінде не істеу керектігін түсінуге көмектеседі.
Жұмыссыз қалған адамға қазіргі әлемде ең алдымен өзіне және өз күшіне сену, сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына бейімделе білу қажет. Сондай-ақ үнемі өз-өзіне жұмыс істеу, дағдылар мен іскерлікті жетілдіру маңызды. Эмоциялық интеллекті дамыту да cоңғы орында емес.
Эмоциялық интеллект (ЭИ; ағылш. emotional intelligence, EI) - адамның эмоцияларды тануы, басқа адамдардың және өздерінің ниеттерін, уәждемесі мен тілектерін түсіну қабілеті, сондай-ақ практикалық міндеттерді шешу мақсатында басқа адамдардың эмоциялары мен өз эмоцияларын басқару қабілеті.
Эмоциялық (әлеуметтік) интеллект түсінігі адамның мансабындағы және өмірдегі табыстылығын болжауға дәстүрлі интеллект тестілерінің жиі қабілетсіздігіне реакция ретінде пайда болды. Бұған табысты адамдар эмоционалдық байланыстарға негізделген басқа адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға және өз эмоцияларын тиімді басқаруға қабілетті деген түсінік табылды, ал ақыл-ойдың қабылданған ұғымы осы аспектілерді қамтымаған және интеллект сынақтары осы қабілеттерге баға берген жоқ.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысуға тілек білдірді.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
10.09.2019