Call-center 1411

You are here

Орал қаласында «Алтын ұя» дүкеннің ашылуы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 2-бағытының қатысушысы Едирова Алия Салауатовна (жеке кәсіпкер) 1977 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Көп балалы ана. 4 бала өсіріп, тәрбиелеуде. Қазіргі таңда Орал қаласында тұрып жатыр. Білімі жоғары, инженер мамандығын игерген.
2019 жылы тамыз айында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» "Еңбек" бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банкке жолдама алып, маусым айында 15,6 мың теңге көлемінде несие қаражатына қол жеткізген соң, Орал қаласының Н.Савичев көшесі 87 үй мекен-жайынан қажетті құрал жабдықтар сатып алып және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен соң, «Алтын ұя» атты тамақ дүкенін ашты. Қазіргі таңда қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 10.09.2019