Call-center 1411

You are here

«Мүгедек балалармен жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында оздырылған семинар өтті

4-5 қыркүйек күндері басқарманың мәжіліс залында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басқармасы жанындағы үйден арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және орталық қызметкерлеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.
Шара барысында алғашқы сөз кезегін басқарманың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Доспаев Есімжан Ерболұлы алып, семинардың мақсатына тоқталып өтті. «Мүгедек балалармен жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында оздырылған семинар екі күнге жоспарланды. Семинардың бастамасы «Бақыт көрінісі» деп аталатын тренингімен ашылды.
Аталмыш шараның теориялық бөлімінде аймақтық ПМПК-ның, қалалық, облыстық ПДПК-ның педагог-психолог, психоневролог-дәрігерлері, логопед, сурдопед сынды мамандары түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды. Ал практикалық бөлімде көру қабілеті күрделі және сөйлеу тілі бұзылған, церебральді сал ауруына шалдыққан, аутистикалық спектр бұзылыстары бар балаларға арналған коррекциялық ырғақты жаттығу түрлері мен психологиялық жұмыстардың әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар практикалық түрде жұмыс әдістерімен танысу мақсатында арнайы орталықтарға барып, тәжірибе алмасатын болады.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
10.09.2019