Call-center 1411

You are here

Сұлулық студиясының ресми ашылуы

Гурьянова Анна Асхатовна 1989 жылы 15 ақпанда Ақмола облысында дүниеге келген.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік Бағдарламасы туралы естігенде Нұр-сұлтан қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, "маникюр шебері"мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарға жолдама алды.Оқуды аяқтаған соң, өз ісін ашуға бел буды. Бағдарлама аясында қажетті құжаттарды жинап, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 240 500 теңге сомасында мемлекеттік грант алды. Алынған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. 2019 жылдың 6 шілдесінде "Ailana" Сұлулық студиясының ресми ашылуы болды. Қазіргі уақытта салонда 5 адам жұмыс істейді. Берілген мүмкіндік үшін мемлекетке  айтар   алғысы  шексіз.

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 22.08.2019