Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік қолдау көрсетілді

Бағдарлама қатысушысы - Арыстанова Әсем Талғатқызы. Негізгі мамандығы: «Геодезия-картография». Оқыған мамандығы бойынша жұмыс жасамаған. Осы уақытқа дейін халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытында қызметтер (дүкенші, офицант) атқарған, тұрмыста, 3 баласы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдарынан қайтарымсыз грант берілетіндігі туралы ақпаратты естіп, өз жеке кәсібін бастауды көздейді. Қалалық жұмыспен қамту орталығына (одан әрі – Орталық) келіп, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кеңес алады. Кейін, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы негізінде оқуға өтініш қалдырып, 2019 жылдың маусым-шілде айлары аралығында кәсіпкерлік негіздеріне оқыған. Оқудан өту барысында кәсіпкерліктің бизнес жоспарын жасақтап, жобасын қорғап, оқуды аяқтағандығы жөнінде сертификат алды. Тиісті құжаттарымен Орталыққа жүгініп, «29 жасқа дейінгі жастар» санатымен Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес идеяларға іске асыруға 200 АЕК көлемінде грант алуға арыз берді. Ережеге сәйкес Орталық құжаттарын Кәсіпкерлер палатасына жолдады. Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған комиссияда жобасын сәтті қорғады. Кәсіпкерлер палатасының қорытындысымен оң шешім алған Әсем Талғатқызына «Тұшпара цехын ашу» мақсатына шілде айында 505 000 теңге мемлекеттік грант берілді. Грант алғаннан кейін бизнес жоспарға сәйкес қажетті құралдарын алып, Халел Досмұхамедов көшесі, 123 А мекен-жайында цехын іске қосып отыр. 3 тұрақты жұмыс орнын ашуды жоспарлауда.    

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 20.08.2019