Call-center 1411

You are here

Жаңа ісін ашқан кәсіпкерге көмек

Бағдарламаға қатысушы Амангелді Ләззат Амангелдіқызы 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Амангелді Ләззат «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4,7 млн. теңге көлемінде аспаздық дүкеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрал-жабдықтар сатып алу, айналым қорын толтыру мақсатында несие алды. Елбасының мелекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу мақсатында, қазіргі таңда аспаздық дайын өнімдерін жасауда. Мемлекеттің осындай қолдау білдіргеніне алғысын білдіруде. 

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 19.08.2019