Call-center 1411

You are here

Жастар жылы аясында Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен базарда «Қамқор» акциясы өткізілді

Бүгін, Жастар жылы аясында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандарымен Ақтөбе қаласының «Алтай» сауда орталығында қала тұрғындарымен «Қамқор» акциясы өткізілді.
Акция мақсаты – «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастарды қолдау, тұрақты жұмыстарға, еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту, шағыннесие алу мүмкіндіктерін түсіндіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты бірыңғай жиынтық төлем, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Белсенділермен мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық парақшалар, буклеттер таратылды. Анықтама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына (Ш.Уәлиханов көшесі, 12 А) және Халықтық кеңсесіне (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) жолығуыңызға болады.Ақпарат телефоны: 41-73-32,44-57-55
Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9-00 ден 18-30, түскі үзіліс 12-30 дан 14-00 аралығында жүргізіледі. Ақпараттардың қол жетімді болуы үшін aktobe_ozsp   akimat_aktobe  және oblsobes_aktobe Инстаграм әлеуметтік желісінде толық мағлұмат жарияланады.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
07.08.2019