Call-center 1411

You are here

Мамандық таңдау- болашақты таңдау

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ересек өміріңіздегі сенімділіктің, материалдық әл-ауқатыныздың, рухани тепе-теңдіктің кепілі.
Мамандықты дұрыс таңдамау көптеген адамдардың істеп жүрген қызметіне көңілі толмауына, соның салдарынан өз өмірінің деңгейі мен сапасына, маман ретінде жеткен дәрежесіне риза болмауына әкеп соқтырады. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Дұрыс таңдау кезінде жасөспірімнің жеке ерекшеліктері мамандық талаптарына сәйкес келеді. Тәрбиеленушіге кәсіби таідау мәселесін дұрыс шешуге мектептегі және қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар беру жұмысы көмектеседі.
Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығында, Бостандық аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің, полиция аға лейтенанты Д.Мағзумова, полиция майоры Н.Ермаханбет, тәрбиеші С.Тағанбаева  және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен №1 балалар тәрбиеленушілеріне экскурсия және ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.№45,40,125 мектептерінің оқушылары, «Әділет» колледжінің бірінші курс  студенттері болып табылатын №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мамандыктар әлемімен,еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие мамандықтармен және болашақ мамандықтарын таңдау әдістерімен танысты. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Еркеш Жакупова кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Атап айтқанда, Е.А. Климовтың әдісі бойынша кәсіптік бағдар беру тестінің көмегімен оқушылар өздеріне қандай мамандықтын қолайлы екенін білді.
ЕК. Климовтың дифференциалды - диагностикалық сауалнамасы, жеке психотипті есептеу әдісі кез келген адамның қай мамандыққа бейім екенін анықтауға көмектеседі. Әрбір адам белгілі бір қызмет түріне бейім келеді. Бұл оның өмір салтына, түйсігіне, дағдысына және саналық ұмтылысына байланысты. Бір адам өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, екіншісіне қоғамға пайда келтіру маңызды, ал үшіншісі экономикалық нәтижеге бағытталған жұмысты қалайды. Осы әдістемеге сүйене отырып, өзіңіздің жеке тұрпатыңызды білуге және қай қызмет түріне бейім екеніңізді терең түсінуге болады.Кездесу барысында оқушылар кеңестер және барлық сұрақтарға толық жауап алды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
06.08.2019