Call-center 1411

You are here

Қолдан жасалған табиғи дизайнерлік сабын дайындау

Мисилюк Елена Владимировна Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасына қатысқанға дейін мәртебесі – жұмыссыз көпбалалы ана. Елена Владимировна 2019 жылдың мамыр айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік гранттар алу мақсатында Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Ағымдағы жылдың 3 маусымында «Бизнес Бастау» жобасына қатысу үшін тестілеуге жіберілді. Тестілеуден сәтті өтіп кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тобына қабылданды. Курстарды аяқтағаннан кейін 3 шілде «Қолдан жасалған табиғи дизайнерлік сабын дайындау» бойынша бизнес-жоспарын қорғап, «Бизнес Бастау»сертификатына ие болды. Қазіргі уақытта облыстық деңгейде мемлекеттік гранттарды қорғауға даярлануда.

Аймақ: 
Қарағанды облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 29.07.2019