Call-center 1411

You are here

Еліктеу үлгісі

Дуванбеков Бақытжан Садықович Талдықорған облысында туылған. Білімі - орта. Талдықорған индустриалды - педагогикалық колледжінің "Механизация ауыл шаруашылық" мамандығын бітірді. 2002 жылдан Бақытжан жеке кәсіпкер болып табылады. Жеке бизнеспен айналысады, басқа да жұмыс тәжірибесі бар.

2012 жылдың мамырында Жұмыспен қамту орталығына арызданып Алматы бизнес колледжінде "Кәсіпкерлік негіздері" курсын өтті.

2012 жылдың қазанында ол Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша 700 мың тенге көлемінде микрокредит алды. Қазір жеңіл автокөліктердің техникалық қызмет көрсету, сырлау және ұсақ жөндеу жұмыстарын жасайды. Осылайша, ауыл тұрғындарына 6 жұмыс орнын ашты.

Аймақ: 
Алматы облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 21.05.2014