Call-center 1411

You are here

Жұмысқа орналасу проблемасының сәтті шешімі

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы Тупеев Парахат Тлепбаевич, 22.12.1961 жылы туылған, Мәртөк ауылының тұрғыны. 2011 жылы Парахат отбасымен бірге Қарақалпақстаннан көшіп келді. Алғашқы көшіп келген күндерінен бастап жаңа қонысқа тұрақтанып, үйрену керек болды. Берілген квота бойынша жаңа үй салды. Инженер-жүйеші мамандығы бойынша жоғары білімі бола тұра жұмысқа орналаса алмады. Отбасында жұмыссыз әйелі мен екі баласы бар, оларды асырау керек болды.

2013 жылы Мәртөк аудандық жұмыспен қамту Орталығына шағын несие алу мәселесі бойынша өтініш білдіріп, кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өтті және де өз бизнесін дамытуына «мал шаруашылығы» жобасы бойынша 1,5 млн.тг. шағын несие алды. Алынған қаражатына ірі қара мал сатып алды. Осы жылдан бастап мал басы көбейіп, өз өнімдерін беруде, артылған өнімді нарықта өткізуде.

2014 жылдан бастап құрған әлеуметтік жұмыс орындарына 5 жұмыссыздарды жұмысқа қабылдады. Алдағы уақытта Парахат шаруашылық қожалығын ашуды, ірі қара мал бастарын көбейтуді, егін егумен айналысуды жоспарлайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы П.Т. Тупеев және оның отбасы отбасылық тұрмысы түзелді, табысы бар және де жұмыспен қамтылды.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Мал шаруашылығы
, 21.05.2014