Call-center 1411

You are here

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға кімдер қатыса алады?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, қысқартылатын және белсенді жұмыскерлер 3 айға қысқа мерзімді оқытудан өте алады.
"Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда); 3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда, 4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. "Заман талабына сай оқытылатын мамандықтар тізбесі: 1.Аспаз; 2.Кондитер; 3.Визажист; 4.Шаштараз; 5. Маникюр шебері; 6.Электрик;  7.Дәнекерлеуші; 9.Автокран; 10. Сантехник және т.б. мамандықтар бойынша тегін оқытамыз.

Аймақ: 
Шымкент қ.
10.02.2019