Call-center 1411

You are here

Жұмыс берушілермен кездесу

2019 жылдың 6 ақпанында Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында қаланың жұмыс берушілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жұмыс берушілер "Электрондық еңбек биржасы" интернет-порталында (www.enbek.kz) жұмыс туралы ақпаратты алып, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарының квотасын құру, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру қажеттілігі туралы хабардар етті.Мемлекеттік еңбек инспекторы қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары туралы түсініктеме берді.

 

Аймақ: 
Шымкент қ.
10.02.2019