Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылы іске асырылуы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 63270 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда.
Нақты жыл қорытындысымен 69682 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (110,1%). Бағдарламаға қатысушылар қатарынан: - 25041 адам жұмыссыздар (36%); - 26312 адам өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар (37,7%); - 18329 адам жұмыс іздеушілер (26,3%). Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ішінен 29405 адам аз қамтылғандар (42,1%), 27749 адам жастар (39,8%), 2225 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар (3,2%).
Бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд.теңге қаралды (республикалық бюджет есебінен - 7,9 млрд.теңге, жергілікті бюджет есебінен - 4,3 млрд. теңге, 617,0 млн.теңге аудан, қала әкімдігінің жергілікті бюджет есебінен). Бөлінген қаржының 12,8 млрд.теңгесі игерілді.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 7953 адамды оқуға жолдау жоспарланған.
1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға Ұлттық біріңғай тестілеуден өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері, яғни 24 жасқа дейінгі жастар қатарынан 2513 адамды оқуға жолдау жоспарланған (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай), нақты 2513 адам 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуға жолданды (100%).
2. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5440 адамды (қаржы 1 249,4 млн.теңге, игерілген қаржы 833,5 млн.теңге) оқуға жолдау жоспарланып, нақты 5440 адам 63 біліктілік негізінде 49 білім беру ұйымдарына оқуға жолданды. Оқуды аяқтағандар саны 5440 адам, оның 4114 адамы немесе 75,6 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 2703 адам қамтамасыз ету жоспарланды, оның ішінде: - 1730 адам Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдау жоспарланып, нақты 1730 адам жолданды (100%). - 792 адамды шағын несиелеу жоспарланған, нақты 1160 адам шағын несие алды (146,4%). - 41 шағын несие алған адамдарға кепілдендіру жүргізілген; - 181 адамға грант беру жұмыстары жоспарланған, нақты 181 адам қамтамасыз етілді (100%). Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде 52207 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланды.
Жылдың қорытындысымен 58617 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді немесе жоспар 101,3 пайызға орындалды (жоспар 52207 адам). Оның ішінде: - 38591 адам бос жұмыс орындары бойынша жұмыспен қамтылғандар Жылдық жоспардың 108 пайызға орындалды (жылдық жоспар 35714 орын). - 5506 адам жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамтылды. Жылдық жоспар 121,8 пайызға орындалды (жылдық жоспар 4522 орын). - 4529 адам әлеуметтік жұмыс орындары; - 4305 адам жастар практикасы; - 5686 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысымен: - жұмыссыздық деңгейі 5,2%; - жастар жұмыссыздығы 4,4%; - әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,3% аспайтындығы жоспарлануда.

Аймақ: 
Түркістан облысы
08.02.2019