Call-center 1411

You are here

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына Парламенті мәжілісінің депутаты И. В. Смирнова келді

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында 6 ақпан күні Парламент мәжілісінің депутаты И.В.Смирновамен кездесу өткізілді.
Кездесуге жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков және осы орталықтың қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында депутат ҚР Парламент мәжілісіндегі өз бағытының қызметі туралы айтты.
Кездесуде мектептегі білім беру, халықты несиелендіру, микронесиелендіру, «7-20-25» ипотекалық несиелендіруді жүзеге асыру жайлы мәселелер талқыланды.Қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауап алды.Кездесу аяқталған соң, депутат халыққа қызмет көрсету залын, жұмыс ізденушілер бөлімі және жұмыс берушілерге қолдау көрсету аймағын аралап, жұмыс нысандарымен танысты.

Аймақ: 
Алматы қ.
08.02.2019