Call-center 1411

You are here

Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты деректендіру және оларды ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйісіне тарту мақсатында «Бірыңғай жиынтық төлем» режимі енгізіліп отыр.
Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.
БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға, үй жұмыскерлеріне арналған.
Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни, енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.
БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).
БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.
БТЖ үлесі мынандай:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

 Толық ақпаратты Нұрсат шағын ауданы, Бәйтереков көшесі  89 немесе    39-51-31, 77-29-10 номерлері бойынша білуге болады.

Аймақ: 
Шымкент қ.
08.02.2019