Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығын ұлғайту

Дуйсебаев Нурлан Сиргебаевич Тараз қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға жеңілдетілген несие шеңберінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында толық ақпарат алуға келді.
Маманның толық кеңесінен кейін өз ісін дамыту үшін 12 000 000 теңге алуға ұйғарды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Байзақ ауданы әкімшілігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тіркеліп «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алуға жолдама берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» АҚ-нан  келісімін алғаннан кейін "Сіргебай Ата" шаруа қожалығының басшысы Дуйсебаев Нурлан Сиргебаевич өз ісін дамыту үшін 12 000 000 теңге несие алды. Алған соммасына 318 бас аналық қой малын сатып алды. "Сіргебай Ата" шаруа қожалығының басшысы Дуйсебаев Нурлан Сиргебаевич болашақ мақсаты, малдың басын көбейтіп, өз ісін кеңейте отыру, отбасылық жағдайын арттыру және отбасын жұмыспен қамту. Осындай ауқымды мүмкіншілік беріп отырған мемлекетке, Елбасымызға алғысын айтады. Көпбалалы отбасыға, жағдайы төмен адамдарға осындай жеңілдіктер көптен беріле берсе екен дейді қожалық басшысы.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
Мал шаруашылығы
, 07.02.2019