Call-center 1411

You are here

Мемлекет Бағдарлама аясында әсемдік салоның ашты

Ажгужеева Жаншат Каналықызы, туған жылы - 10.09.1981. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несие алу үшін Ақтөбе қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып мамандардан кеңес алды. Ол өзінің жеке әсемдік салонын ашқысы келді. Жолығу барысында ол жеке кәсіпкер статусына ие болған. Қажетті құжаттарын тапсырған соң Жаншат мемлекеттік бағдарлама аясында 12 млн. теңге көлемінде несие алды. Алған қаражатына бизнес үшін жылжымайтын мүлікті және қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта, өз ісін жүргізуде. Бүгінгі күнге Жаншат 2 адамды тұрақты жұмыс орнына қабылдап, қаланың дамуына өз септігін тигізуде. Ол Бағдарламаның төмен пайыздық мөлшерлемесі, икемді қарызды өтеу кестесі, қарызды өтеуді кейінгі қалдыруды ерекше атап өтіп, несие саясатына қолдау білдіретінін жеткізді. Бағдарламаға қатысу Біздің мемлекеттің дамуы үшін үлкен септігін тигізеді.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 29.12.2018