Call-center 1411

You are here

Тайынша қаласында ателье ашу

Әкімова Гүлжанат Рахметқызыа 1985 жылы туған, Тайынша қаласында тұрады, тұрмыста, 4 баласын тәрбиелеп отыр.Гүлжанат Рахметқызы 2018 жылдың басында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген кредит беру туралы естіп, осы Бағдарламаға қатысуға шешім қабылдады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген сәтте тігу ісінде тәжірибесі мол болды. 2018 жылғы сәуір айында Халықты жұмыспен қамту орталығында консультация алып, Гүлжанат Рахметқызы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарына жіберілді, оны аяқтағаннан кейін кредит алуға қажетті құжаттар топтамын ресімдеуге кірісті. Гүлжанат Рахметқызы 2018 жылғы тамыз айында ателье ашуға 2 миллион 500 мың теңге сомасында кредитке мақұлдама алды.Алған қаражатына тігін машинасын, шетін жинағыш, тері бұйымдарын тігуге арналған машина, бу генераторы және матаны үтіктеуге арналған үстел сатып алды. Гүлжанат Рахметқызы өзінің кәсіпкерлік жоспарларын іске асыруға мүмкіндік берілгеніне өте риза және бір жұмыс орын ашты.

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 29.12.2018