Call-center 1411

You are here

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасының а.ж. 1 тамызына іске асырылуы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыс бойынша 32 450 өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 тамызына 78,3%-ды немесе 25 422 адамды құрады.
Бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттер мен республикалық бюджет есебінен 7,4 млрд.теңге бөлініп, есепті кезеңге қаржыландыру жоспарына сәйкес 2,2 млрд.теңге игерілді (жылдық жоспардың 30,0%). Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 3374 адамды кәсіптік даярлауға 1200,0 млн.теңге бөлініп, қаржыландыру жоспарына сәйкес 636,1 млн.теңге игерілді (100%). Оның ішінде: - 1085 адам оқу орындарына түспеген 9-11-сыныптарды бітірген және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелерін тегін техникалық және кәсіптік оқыту а.ж. қыркүйек айынан басталады. Бұл мақсатқа 840,2 млн.теңге бөлініп, 411,8 млн. тенге игерілді (49,0%); - 2 289 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (РБ-2076 адам, ЖБ-213 адам). Бұл кәсіптік даярлау 24 колледждермен 60-тан астам мамандық бойынша және 10 жұмыс берушілер жанындағы оқу орталыктарымен («Дамыту», «Taksim Food «Akademy», «Сервис и К», «Азайа», «Энергетик», «Надежда», «Шарлотта», «Легенде-2018», «Best-Отау», «Дарын-2012») жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына барлығы 2105 адам оқуға (с.і. жұмыс беруші оқу орталықтары арқылы 323 адам) жіберілді. Есепті кезеңге 1333 адам оқуды аяқтап, 826 адам жұмысқа орналасты немесе 62,0%. Бұл мақсатқа 360,2 млн.теңге бөлініп, қаржыландыру жоспарына сәйкес, 224,3 млн.теңге игерілді 100%. 
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1149 адам кірісті (жоспар 2231 адам). 797 адам оқуын аяқтап, сертификаттарын алды, 287 адам өз жобаларын қорғап, 50 адам шағын несие алды. Есепті кезеңге 280 адамға 1249,4 млн.теңгеге шағын несие берілді (жоспар 257 адамға 4805,3 млн.теңге (о.і ауылдық елді-мекендерде 409 адамға 3850,2 млн. теңге және 61 қала тұрғынына 955,6 млн.теңге), оның ішінде: - 28 қала тұрғынына 293,7 млн. теңге (о.і. 2017 жылдың қаражаты есебінен 13 адам 156,0 млн.теңгеге) - 252 ауыл тұрғынына 955,7 млн. теңге (о.і. 15 адамға 60,1 млн.теңге қайтарылған қаражат есебінен). Қазіргі уақытта, 1358,5 млн.теңгеге 325 жоба мақұлданып, 2 млрд. теңгеге 444 жоба қаралуда. Бағдарламаның үшінші бағаты аясында: - тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына барлығы 12568 адам (жоспар 14796 адам) жұмысқа орналасты (85,0%). Соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 1387 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 91,7% (жоспар 1513 адам). Облыстың 608 кәсіпорындарында әлеуметтік жұмыс орындарына 1413 адам жұмысқа орналастырылды, қаржыландыру жоспарына сәйкес 129,5 млн.теңге игерілді немесе 100% (жоспар1417 адамға 285,6млн.тенге). Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтаған 268 адамның ішінен 158 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе 59%. Облыстың 862 кәсіпорындары мен ұйымдарына жастар тәжірибесіне - 1515 адам жұмысқа орналастырылды, қаржыландыру жоспарына сәйкес 371,7 млн.теңге игерілді немесе 100% (жоспар 2137 адамға 743,2млн.тенге). Жастар тәжірибесін аяқтаған 386 адамның ішінен 230 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, немесе 60%. Қоғамдық жұмыс орындарына 6268 адам жұмысқа орналастырылды, 136,7 млн.теңге игерілді (жоспар 7468 адамға 890,5млн.тенге). Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуге 268,9 млн.теңге қарастырылды. Құрылатын уақытша жұмыс орындарына 138 адам жұмысқа орналастырылады, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен 74 адам. Бүгінгі күні 15 жобаның (13 – білім саласының, 2 – денсаулық сақтау) ішінен 9 жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 20 адам жұмысқа орналастырылды (27,0%). Бағдарлама аясында халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,8%-дан аспайды.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
20.08.2018