Call-center 1411

You are here

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ТАМЫЗЫНА АҚПАРАТ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2018 жылға барлығы 11,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 6,6 млрд.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 - тамызына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 19600 адам тартылды,  соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 7393 адам, инфрақұрылымдық жобаларда 210 адам жұмысқа орналасып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1219 адам, жастар практикасына 1685 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 4166 жұмыссыз тартылды, 3334 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 1154 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, 439 адам микрокредит алды (оның ішінде 74 адам несиені өткен жыл қаражаты есебінен алды).

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2018 жылы барлығы 4870 адамды оқытуға 1375,4 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға  640,4 млн.теңге (өткен жылдан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4100 адамды оқыту үшін 735,0 млн.теңге қаралды. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін Тараз қаласы және аудандардың ұсыныстары негізінде 47 мамандық  бойынша  41 білім ұйымдары белгіленді. Қысқа мерзімдік курстарға, а.ж. 1 тамызына 3334 адам жолданып, 1510 адам оқуын аяқтап, оның ішінде 319 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-ші бағыты аясында барлығы 3453 адамды қамтуға 5679,2 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге - 5343,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге).

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 2336 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, 2018 жылдың 01-ші тамызына 1154 адам оқытылды.  

Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 5343,6 млн.тегенің шағын несиесі 1117 адамға беріледі деп жоспарлануда (ауылда – 1011 адамға 4111,0 млн.теңге, қалада – 106 адамға 1232,6 млн.теңге).

Соның ішінде 1011 ауыл тұрғындарына несие беруге республикалық бюджеттен барлығы 4111,0 млн.теңге қаралып, бүгінгі күні несие шарттарына қол қойылып, есепті кезеңде 341 ауыл тұрғыны 1265,2 млн.теңгенің шағын несиесін алды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалы арқылы 301 адам - 1150,3 млн.теңге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 40 адам - 114,9 млн.теңге). Сонымен қатар, қайтарылған қаражат есебінен 18 адамға 100,0 млн.теңгенің шағын несиесі берілді. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 31,7 млн.теңге қаралды.

Сондай-ақ қалада 106 адамға шағын несие беруге барлығы
1232,6 млн.теңге (о.і. республикалық бюджеттен - 699,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 533,4 млн.теңге) қаралып, несие шарттары жасалып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен екінші деңгейлі банктер арасында келісімге қол қойылды. А.ж. 1 тамызына 6 адам 62,6 млн. теңгеге несие  алып, жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек,  шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруге 88,3 млн. теңге қаралып отыр.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 8561 адамды қамтуға 4855,8 млн. теңге бөлінді.

Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1144 орынға 202,5 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1219 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2153 орынға 753,3 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде жастар практикасына 1685 түлек жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4837 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1354,6 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 4166 адам   жолданды. 

Бағдарламаның осы бағыты аясында инфрақұрылымдық жобаларды, яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуді іске асыру  және осы жобаларда құрылған жұмыс орындарының кемінде 50%-на Бағдарламаға қатысушыларды жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Ағымдағы жылы инфрақұрылымдық жобаларға 2545,5  млн.теңге бөлінді. 16 жобаны (білім саласы бойынша 15 жоба,  спорт   саласы бойынша 1 жоба) іске асыру жоспарланды. Осы жобаларда 854 жұмыс орындары ашылып, оның 50% (427 адам) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастырылатын болады.

Бүгінгі күнге барлығы 407 жұмыс орындары ашылса, оның 210-на немесе 52 пайызына жұмыспен қамту орталығымен жолданды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. 

Бағдарламаның  бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге СҚО, Павлодар, ШҚО, Қостанай облыстарынан келіп түскен  сол өңірлерге қажетті мамандар бойынша ваканттық жұмыс орындарының тізімі тиісті жұмыстар жүргізу үшін барлық аудандық/қалалық жұмыспен қамту орталықтарына уақытылы жолданып отыр.

Өткізілген түсіндірме жұмыстар нәтижесінде ағымдың жылдың          1 тамызына  жұмыс күші тапшы өңірлерге 100  отбасы, 433 адам қоныс аударды, оның ішінде:

1. Солтүстік Қазақстан облысына -  46 отбасы, 205  адам,

2. Павлодар облысына -  16   отбасы, 66 адам,

3. Шығыс Қазақстан облысына - 21 отбасы, 89 адам,

4. Қостанай облысына -17 отбасы, 73 адам.

Қоныс аударушы отбасылар толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық отбасы мүшелеріне субсидиялар төленді және жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Отбасы басшылары және жұмысқа қабілетті жасындағы азаматтар  тұрақты жұмыс орындарына тартылған. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі  өткен жылғы  деңгейде сақталып, 2018 жылдың 1-тоқсанында 4,9 %-ды құрады. Ал, жастар жұмыссыздық деңгейі 4,6%-дан 2,6%-ға дейін төмендеді.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
10.08.2018