Call-center 1411

You are here

Павлодар ауданында алғашқы қоғамдық асханасы ашылды

Набережное ауылының тұрғыны Есенова Гульнар  2017 жылдың 31  науырызында жергілікті асхана ашуға микронесие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына  жүгінді. Жұмыспен қамту орталығы оны Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберіндегі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға бағыттады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы екі апталық оқуды аяқтағаннан кейін несие алу мен қарастыру үшін қажетті құжаттарды тапсырды. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде алты пайызбен бес миллион теңге несие алды.
Дәл осылай Павлодар ауданында жергілікті тұрғындардың көптен күткен алғашқы қоғамдық асханасы ашылды. Ортақ залда екі үстел және бір кесе шай үстіндегі маңызды келіссөздер жағдайына жеке бөлме орналасқан. Тұрғылықты халықта сұраныс бар: әр күні дерлік кәсіпкер әйел бауырсақ пен тоқаштарға жергілікті халықтан тапсырыс алады. Күніне асхана он бестен астам адамды тамақтандырады және түнгі он жарымға дейін жұмыс жасайды.
2018 жылы ол 2 асхана жұмысшысын жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орнына рәсімдеуді жоспарлауда. Гульнар сонымен осы Бағдарламаның негізгі мақсатының іске асырылуын -  ауылда жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. 

Аймақ: 
Павлодар облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 27.07.2018