Call-center 1411

You are here

Отбасының ерікті түрде қоныс аударуы

Таупов Нурали ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушы. 2017 жылдың тамыз айында отбасымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданынан Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барқытбел ауылына қоныс аударды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж» бағдарламасы аясында 728 349 теңге көшуге және тұрғын үйді сатып алуға субсидия алып, Барқытбел ауылынан тұрғын үй сатып алды. Үржар ауданының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы «Некрасовка и К» шаруа қожалығына дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасып, бүгінгі күні 70 мың теңге айлық алып отыр. Мектеп жасына жетпеген екі баласын Барқытбел ауылындағы орта мектептің жанындағы балабақшаға орналастырып, ағымдағы 2018 жылы әке-шешесін көшіріп әкелді (бағдарламаға қатысушы емес). Бақша егіп, өз істерімен де қосымша айналысып отыр. Таупов Нурали бағдарламаға қатысқанына ризашылығын білдіріп, алғысын айтады.

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу
, 25.07.2018