Call-center 1411

You are here

Ерікті түрде қоныс аудару

Толғанай Кадыржанқызы Бисаева 1992 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Көкөзек ауылында туған. 2015 жылы психология мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін бітірді.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы ақпаратпен танысқан соң, Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жүмыспен қамту орталығына жүгінді. Орталықта еңбек күші артық аумақтардан тұлғаларды ерікті қоныс аудару туралы толық кеңес алды. Т.К. Бисаева Өскемен қаласына қоныс аударуға және қызметтік тұрғын үй алуға өтініш берді. Бағдарламаның қатысушысы қатарына қосылған соң,Карл-Маркс даңғылы, 5/2 мекенжайы бойынша бір бөлмелі пәтерді алды. Жұмыспен қамту орталығы тарапынан бос жұмыс орындары бойынша жұмыспен қамтуға көмек көрсетілді. Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 6рта мектеп» КММ-не психолог-педагог мамандығы бойынша жұмысқа орналасты және бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмысқа орналасқаны және қызметтік тұрғын үй алғандығына риза.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 25.07.2018